Қазіргі таңда стационарлық карантинде 1 260 адам жатыр
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирусқа байланысты стационарлық карантинге жатқызылғандар саны 170 адамға көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас, оның ішінде Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген. Стационарлық карантинде - 1 260, үй карантинінде 453 адам жатыр. Сонымен қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда», - делінген министрлік ақпаратында.
Ведомствоның мәліметінше, барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 272 адам алынды. Оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1 438, 1 «Б» санаты бойынша – 475, 2-санаты бойынша 359 адам бар. Мониторингке алынған 2 272 адамның 380-іне бақылау тоқтатылды. 1 892 адамға мониторинг жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 116 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 31 адам, 2-санат бойынша – 42 адам 3-санат бойынша - 43 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 116, 62 азамат шығарылды. 54 адам стационарда қалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында«,- делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, кеше Денсаулық сақтау министрлігі 1 090 адамның стационарлық карантинде жатқанын хабарлаған еді.