Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар екені анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Фото ашық дереккөзден

Атырауда мемлекеттік нөмірі жалған көліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені анықталды, көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 мамырда Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі Mersedec автокөлігінің қарызы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес, хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.