28.05.2023, 09:46
Жаңалықтар
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді
Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Polisia.kz
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді. 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында профилактикалық іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.
«Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келген шығын 400 мың теңгеге жуық», - дейді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды