Ол 10 наурыз күні Франкфурттен ұшып келген
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келген. Яғни, ол коронавирус инфекциясы анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған.
«Айзат Молдағысымова 13 наурыз күні жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Ол кісіге тест жасалды», – дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.