Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны алты адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Биыл 10 наурызда сағат 02.45-те ұшып келген Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы рейсінің жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуын сұраймыз», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу - Нұр-Сұлтан № SU - 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава - Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны алты адамға жетті.