Оралда киіктер популяциясы қазірдің өзінде 1,5 млн бастан асты
Батыс Қазақстан облысында киіктер санын реттеу мәселесін шешуге экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өңір әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Батыс Қазақстан облысында киік санының айтарлықтай артуы фермерлердің жайылымдары мен шабындықтарына елеулі зиян келтіріп отыр. Нариман Төреғалиевтің айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша Оралда киіктер популяциясы қазірдің өзінде 1,5 млн бастан асты. Қазір оларды санау жүріп жатыр және жақын күндері нақты деректер белгілі болады.
«Популяцияның негізгі саны облыстың оңтүстік аудандарындағы жерлерде орын тепкен. Бұлар – Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Казталов аудандары», - деп атап өтті ол.
Тақырыпқа орай: «Ауыл шаруашылығына апат төніп тұр»: БҚО-да киіктен қорыққан шаруалар егістікті айналдыра ор қазып жатыр
Киіктер санын реттеу мәселесін шешуге экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар тартылды.
«Жақында ғана біз осы мәселе бойынша кеңес өткіздік, оған бұған дейін ақбөкендердің мекендейтін жерлеріне барып, істің мән-жайын өз көздерімен көрген 4 елдің халықаралық сарапшылары шақырылды», - деді Н. Төреғалиев.