$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында заң бұзған кәсіпорынға 4,9 млн теңге айыппұл салынды

Айыппұл толық көлемде өтелді

Павлодар облысында заң бұзған кәсіпорынға 4,9 млн теңге айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында компанияға 4,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «УПНК-ПВ» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына қарауына жіберді.

«Аталған соттың қаулысымен ЖШС құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 900 800 тенге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін айыппұл толық көлемде өтелді», - делінген агенттік хабарламасында.

БҚДА департаменті субъектілерге ақпаратты бермеу не белгіленген мерзімдерде монополияға қарсы органға толық көлемде ақпарат бермеу, дәйексіз және (немесе) жалған ақпарат беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары