СҚО-да шекарашылар өрт ошағында қалған адамды құтқарды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам медициналық пунктке жеткізілді

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар өрт ошағында қалған ер адамды шығарып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты «Қасқат» шекара бөлімшесінің наряды Мемлекеттік шекара сызығы бойындағы өрт ошағын оқшаулады», - делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Шекара наряды Куломзино елдімекенінің маңында ҚР-ның азаматының ұқыпсыздығынан тұтанған өртті сөндіруге қатысады.

«Шекарашылар азаматты өрт ошағынан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген хабарламада.

Аталған жағдай Төтенше жағдай бөліміне және ауылдық әкімдікке хабарланды және зардап шеккен азамат Куломзино ауылының медициналық пунктіне жеткізілді.