ҰҚК жүк пойызы арқылы шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған шетелдікті ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүк пойызы арқылы шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдікті ұстады,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды РФ-на заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады.

Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.