$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚМДБ: Электронды темекіні пайдалану – харам

Бұл бойынша пәтуа да шығарылған

ҚМДБ: Электронды темекіні пайдалану – харам
Фото ашық дереккөзден

Электронды темекіні пайдалану – харам. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз және тәлімгерлік бөлімінің басшысы Мансұров Батыржан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Дін істері комитетінің 2019 жылғы зерттеуіне сәйкес, халықтың 92,8% - ы өздерін діни деп санайды. Сенушілердің 70% - дан астамы - мұсылмандар. ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесі электронды темекі адам денсаулығына зиянды болғандықтан, харам деген ұйғарыммен пәтуа шығарды. Оларды қолдануға болмайды», - деді ол.

Ол атағандай, Ханафи мазхабының ғалымы Шейх Мұхаммед әл-Айни: «темекі шегу төрт нәрсенің арқасында харамға айналады. Бұл:

  •  Денсаулыққа зиян;
  •  Темекі есірткінің бір түрі екендігі және адамды әлсірететіні;
  •  Жағымсыз иістің салдарынан темекі шекпейтін адамға зиян;
  •  Ысырапшылдық.

«Электрондық темекіні пайдалану харам болып саналады. Электронды темекінің зияны бірнеше есе жоғары, өйткені ол жастардың денсаулығын тез өлтіріп, тұрақты тәуелділікті тудырады»,- деді Батыржан Мансұров.

Серіктес жаңалықтары