Жаңа Зеландиядағы өрт 10 адамның өмірін жалмады
Тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті
Сейсенбі, яғни 16 мамырда Жаңа Зеландияның астанасы Веллингтондағы жатақханада шыққан өрттен кем дегенде он адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елдің құқық қорғау органдарының мәліметінше, өртеніп жатқан ғимараттан 52 адам құтқарылған.
«Біз ғимаратқа кіріп, тұрғындардың санын нақтыламайынша, нақты қанша адамның қайтыс болғанын немесе із-түзсіз жоғалғанын анықтау мүмкін емес. Қазір мүмкіндігінше тезірек анықтауға тырысыпи жатырмыз», - деді полиция.
Олар тергеудің қазіргі кезеңінде өрттің шығу себептері туралы айту әлі ерте екенін түсіндірді.
Сондай-ақ кем дегенде 24 адамның жараланғаны хабарланды. Олардың көпшілігіне сол жерде медициналық көмек көрсетілді, бірақ төртеуі Веллингтон ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жатқызылды. Олардың үшеуінің жағдайы тұрақты, төртіншісінің жағдайы ауыр деп танылып, жансақтау бөліміне ауыстырылды.
Қала орталығына жақын орналасқан жатақханадағы өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00 шамасында (Астана уақыты бойынша 15 мамырда 19:00) басталып, оқиға орнына 20 өрт сөндіру бригадасы жіберілген, өрт тек таңертең ауыздықталды. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.