Сараптама оның марихуана екендігін көрсетті
Ақмола полицейлері үй-жайда 1 келіден астам есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Сараптама оның марихуана екендігін көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының 53 жастағы тұрғыны, есірткі заттарын сату күдіктісі ұсталды.
Тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде ер адамның үйінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас, салмағы 1 келіден асатын 32 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтауға және пайдалануға арналған сыйымдылық пен құрылғы табылды.