Әдетте көжектер наурыз-сәуір айларында туылады
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға көктем кезінде даладағы құрғақ шөпті өртемеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Адамдардың отты қолданудағы абайсыздығының кесірінен құрғақ шөпті жағу тек адамдарға ғана емес жануарлар үшін де қауіпті.
«Көптеген кішкентай көжектер наурыз-сәуір айларында туылады. Олар жыртқыш аңдардың көзінен тасада қорғанып, бұталардың, шөптердің, қамыстардың астында және орманның шетінде тығылады. Осы себепті азаматтардан жауапты болуды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.