$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент туған күнін қалай атап өтеді – Ақорда жауап берді

Мемлекет басшысы 17 мамырды жұмыс кестесіне сай өткізеді

Президент туған күнін қалай атап өтеді – Ақорда жауап берді
Фото ашық дереккөзден

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетініне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы 17 мамырды жұмыс кестесіне сай өткізеді.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», - деді Р. Желдібай.

Серіктес жаңалықтары