Мемлекет басшысы бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент финалдық жекпе-жектерді зор қызығушылықпен тамашалағанын атап өтті

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!  Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!», – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.