Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейеді

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы бүгінгі, яғни мамырдың 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік – шығыста шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста, оңтүстік-батыста бұршақ жауады.