Air Astana Дубай – Алматы бағытындағы рейстің кешігуіне байланысты түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды

Фото ашық дереккөзден

12 мамырда Air Astana әуе компаниясының Дубай – Алматы бағытындағы рейсі техникалық себеппен ұшпай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, КС898 рейсі салондағы дабыл шамдарының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты уақытынан кешіктірілді.

«Жолаушыларға қонақүйден жатын орын мен тамақ беріледі. Компания инженерлері қазір Дубайға жетіп, ақаулықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қосалқы бөлшектерді ауыстыру кезінде қосымша жайттар туындамаса, онда Дубайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те ұшу мүмкін болады», – деп хабарлады Air Astana.

Егер ұшақты жөндеу мүмкін болмаса, Air Astana қазақстандықтарды Отанына жеткізудің балама нұсқаларын қарастырады.

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Мұндай кешігу жағдайларында әуе компания жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ беруге міндетті.

Сондай-ақ, ұшу 5 сағаттан артық кешіктірілса, онда жолаушылар орын болған жағдайда жақын арадағы рейске тегін брондауды қайта жүзеге асыра алады.