Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген
Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат 00:20 шамасында болды. Ататүрік көшесіндегі 5 қабаттың үйдің 300 шаршы метр шатыры толықтай өртеді. Өрт орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйден 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген. Өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ.