Синоптиктер 13-15 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстанда 13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
«Түнде15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қатты жаңбыр 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар. Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидрометте».