СҚО-да сәуір айынан бері 94 адамды кене шақты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның жартысына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айынан бері 94 адамды кене шаққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Оның жартысына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Абырой болғанда, вирустық энцефалит анықталмаған. Зиянкестердің бұлай жаппай көбеюіне ауа райының күрт жылынуы себеп болды, дейді эпидемиолог мамандар.  Сондықтан, табиғат аясында демалуға шыққанда аса сақ болу керектігін ескертеді. Қансорғыш жәндіктен түрлі жұқпалы ауру тарауы мүмкін.

«Петропавл қаласында 587 гектар жер осы жәндіктерге қарсы зарарасыздандрылады. Ол түрлі демалыс саябақтары. Бұдан бөлек эндемиялық аймақта тұрып жатқан азаматтарға вакцина салынады. Ол бізде жалғыз - Айыртау ауданы. Яғни оларға епке тегін қойылады», - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Серік Аусатов.

Тегтер: