Шарын ұлттық саябағында соңғы екі жылда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Экологтар сирек кездесетін аңның көптен бері көрінбей кеткенін айтады

Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзаққа сілеусін түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, сілеусін соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа іліккен. 

«Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал терісінің ала болып келуі сілеусінді ағаштардың арасына оңай жасырынуға көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан ол байқалмай қалады», - дейді сарапшылар.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіретін сирек кездеестін аңның ересек түрі бір күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.