Электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады

Автор: Аягөз Құрмаш

Жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін мәжілісмендер заңнамаға жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша түзетулер енгізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңа ережеге сәйкес, электрсамокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Ал жаяу жүргіншілер жолында тек 6 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Электр самокат жүргізушілері жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.