«Қорғас» басқарушы компаниясының акциялар пакеті Жетісу облысының әкімдігіне берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Үкіметтің арнайы қаулысы жарияланды

Фото: Instagram/mcps_khorgos

«Қорғас» ШЫХО арнайы экономикалық аймағын басқарушы компанияның акциялары республикалық меншіктен шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет қаулысымен акциялардың жүз пайыз пакеті республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілді.

 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін», - делінген құжатта.

Еске салайық, «Қорғас» ШЫХО өз қызметін 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап қайта бастады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты орталықтың қызметі үш жылдан астам уақыт бұрын тоқтатылған болатын.