05.05.2023, 17:04
Жаңалықтар
Келер жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады – Тоқаев
Президент әскерилер тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде әскери атақ үшін төленетін айлық ақы өсетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келер жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын айтты.
«Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», - деді Президент.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды