$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балық өсірумен айналысатын фермерлер субсидия ала алмайды – депутат

Сенатор Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады

Балық өсірумен айналысатын фермерлер субсидия ала алмайды – депутат

Сенатор Сәкен Арубаев балық шаруашылығы саласының қызметкерлері шығындарының 50%-дан астамын жабатын субсидия ала алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутат атап өткендей, проблемалардың себебі Жер кодексінің қайшылықтары мен балық шаруашылықтары мәртебесінің белгісіздігі болып отыр. Осыған байланысты шаруалар шығындарының жартысынан көбін жабатын субсидияларды рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болады.

«Балық шаруашылығы құрылысы үшін жер учаскесін табыстауға да және балық шаруашылығы қай салаға жатқызылатыны да Жер кодекісінде, басқа да құқықтық нормативтік актілерде нақтыланбаған.  Соның салдарынан Жамбыл облысының балық шаруашылықтары 2021-2030 жылдарға арналған   мемлекеттік қолдау шарасы аясында шығыстардың 50%-на дейін жабатын аса қажетті заңды субсидиялар ала алмайды. Еліміздегі балық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін табыстау және олардың нысаналы мақсатын ауыстыру мәселелері бойынша қолданымдағы жер және су заңнамаларына тиісті түзетулерді енгізуді сұраймын», - деді сенатор.

Серіктес жаңалықтары