Ақмола облысында құрылыс алаңында жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында құрылыс алаңында жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 30-ында Көкшетау қалалық полиция басқармасына Тәшенов-Уәлиханов көшелерінің қиылысында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыны тоқ соққандығы туралы хабар түсті. Зардап шеккен 20 жастағы көкшетаулық сол жерде көз жұмған.

«Анықталғандай, жас жігіт жергілікті кәсіпорында жұмыс істеген. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.