$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында жүкті болған оқушының ісіне полиция тергеу жүргізіп жатыр

Соның нәтижесінде заңды шаралар қабылданады

Жетісу облысында жүкті болған оқушының ісіне полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысында жүкті болған оқушының ісіне полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жүкті болған оқушы қыз Текелі қаласындағы №5 мектептің 10-сыныбында оқиды. Қазір ол баласын алдыртып тастапты.

Жетісу облыстық білім басқармандағылар баланың толық отбасынан шыққанын жеткізді.

«Текелі қалалық полиция бөлімі осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде заңды шаралар қабылданады»,- деді Текелідегі №5 мектептің директоры Жанар Жақыпбекова.

Ал қалған жүкті болған екі оқушының бірі Панфилов ауданының Үшарал ауылындағы мектепте 9-сыныпта, екіншісі Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназияда 10-сыныпта оқиды.

Екі оқушы қыздың құрсағына бала біткелі үш айдан асқан. Екіқабат оқушылар мектепке келіп, сабағын оқып жүр.

«Баласының өмірі және баласының қауіпсіздігі үшін әрбір ата-ана жауапты екенін ұмытпау керек. Баланың кіммен қандай қарым қатынаста болғанын, оның және достарының кім екендігін, кешкі уақытта әлеуметтік желіде немесе басқа жерде кіммен байланысып отыр, содан кейін баланың мінез-құлқына да баса назар аударып отыру керек»,- дейді Жетісу облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Руслан Арсланов.

Серіктес жаңалықтары