Мамандар өртті оқшаулай алды
Елордалық «Брюссель» тұрғын үй кешені маңындағы қамыстан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 мамыр күні сағат 20:50-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қайым Мұхамедханов көшесі, 28а мекенжайы бойынша шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер келгенде шамамен 400-500 шаршы метр аумақта қамыс пен құрғақ шөптің жанғанын анықтады», - делінген ТЖД хабарламасында.
Мамандар өртті оқшаулай алды.
«Қамыс өрті тоқтатылды, шамамен 1000 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Оны сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.