Қазақ-тәжік бизнес форумында 1,3 млрд доллардың келісімшарттарына қол қойылды
Форум соңына дейін бұл сома 2 млрд долларға жетеді деген болжам бар
Қазақстан-Тәжістан бизнес форумының қорытындысы бойынша екі ел бизнесмендері жалпы құны 2 млрд доллардың келісімшарттарына қол қояды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін осы іс-шараның алғашқы бөлігінде ғана бизнесмен арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылды. Дегенмен, форумның екінші бөлігі өтеді. Сонда жалпы 2 млрд доллардың келісімшарты рәсімделеді», - деді Серік Жұманғарин бизнес форуы кезінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Жұманғарин сондай-ақ, бүгін өтіп жатқан іс-шара соңғы уақыттағы ең жемісті бизнес форум екенін атап өтті.
«Бүгінге дейін біз көптеген елдің өкілдердің сауда-экономикалық миссияларымен кездестік. Олардың ішіндегі ең жемістісі осы іс-шара болып тұр», - деді вице-премьер.