Елімізде 1100-ден астам адам КВИ инфекциясынан емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус анықталды. Оның 5-еуі пневмонияға шалдыққандар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
3 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 142 адам коронавирус инфекциясынан (–995+ және 147 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 147 пациент стационарда, 995 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ-ге шалдыққандар арасында 5 адамның жағдайы ауыр.