Алдын ала есептеу бойынша, сайлаушылардың келу көрсеткіші 84,54% құрады
Өзбекстандағы референдумда дауыс бергендердің 90% дан астамы ел конституциясына енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл туралы республиканың ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтардың 90,21%- ы «қолдап», 9,35%-ы «қарсы» дауыс берді, бюллетеньдердің 0,49% -ы бүлінген және жарамсыз деп танылды», - деді ол брифингте.
Алдын ала есептеу бойынша, сайлаушылардың келу көрсеткіші 84,54% құрады. Референдумға 19 миллионнан астам азаматтан 16,6 миллионнан астам адам қатысты.
Айта кетейік, заңнамаға сәйкес, егер дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 50% -дан астамы референдумды қолдаса, шешім қабылданды деп танылады.