ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Семей маңындағы саяжай алабында аяқталмаған құрылыстың іргетасы астында тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтық, АК-103 автоматы, Астра тапаншасы және 104 дана патрон тәркіленді.
Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.