13.04.2023, 04:33
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ауыл тұрғынан аса ірі партияда трамадол тәркіленді
Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
фото: Telegram/POLISIA.KZ
Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 сәуір Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық заттарын жеткізу арнасын жабу бойынша арнайы операция жүргізді.
Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3430 дана «Трамадол», 90 дана «Самнол», 138 дана «Тропикамид» тәркіленді. Барлығы 3430 таблетка, 514 гр 5 мл гр синтетикалық заттар алынды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді