Республика бойынша жел күшейеді
Қазгидромет ел аймақтарында бүгін, 30 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклон кіруімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде - тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.