Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасатын болады
«Жастар рухы» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қаласын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында «ТазаLIKE» жобасы аясында экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен шығысқазақстандықтар экологиялық іс-шарада ерекше белсенділік танытты.
Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен жас рухтастар Ертіс жағалауын қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Алдағы уақытта қала тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес «ТазаLIKE» жобасы жалғасатын болады.