Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әкімінің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.