Ал террористік актілерді жасағаны үшін — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
Ресей сенаторлары мемлекетке сатқындық жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы Ресей парламентінің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Вечерняя Москва ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 57-бабы "өмір бойына бас бостандығынан айыру" жаңа негізбен толықтырылды. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін», — делінген материалда.
Сондай-ақ террористік актілерді жасағаны үшін — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру; Террористік қоғамдастықты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін – 5-10 жылдан 10-15 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі.
26 сәуірде Мәскеудегі сот мемлекетке опасыздық жасағаны үшін тағы бір ресейлікті тұтқындады. Сот Юрий Плыскені тергеу изоляторына қамады.