Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

20 сәуір күні Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау жұмыстары кезінде шала туған нәресте табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде жқмысшылар шала туған ер баланың денесін тауып алған.

«ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.