$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Суданнан жүздеген шетел азаматы эвакуацияланып жатыр

Елден 157 шетелдік азамат Сауд Арабиясына көшірілді

Суданнан жүздеген шетел азаматы эвакуацияланып жатыр
© AP Photo

Судан әскері мен арнайы жасақ арасындағы келісім қайта-қайта бұзылып, осы елдегі өзге мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары қызметкерлер мен азаматтарды эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еуроньюстің дерегіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Суданнан 157 шетелдік азамат Сауд Арабиясына эвакуацияланған.

АҚШ-тың әскери қызметі Хартум қаласына тікұшақ жіберіп, елдің дипломаттарын және олардың отбасы мүшелерін эвакуациялап алған. Ұлыбритания, Франция және Қытай елдері өз азаматтарын қауіпсіз жерге жеткізу үшін әскери-тасымалдаушы ұшақтарды пайдаланып жатыр.

Еске сала кетейік, Суданда 15 сәуірде басталған қақтығыстар әбдер шиеленесіп кетті. Шетел азаматтары арасынан осы қақтығыстар кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының үш қызметкері мерт болған.

Серіктес жаңалықтары