Риддерде құтқарушылар биік ағаштан түсе алмаған қыз балаға көмектесті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді

Риддерде биік талдың басына мінген қыз құтқарушылардың көмегімен жерге түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Риддер қаласының құтқарушыларына 2012 жылы туған қыздың анасы қоңырау шалып, көмек сұрады. Белгілі болғандай, оның қызы көшеде ойнап, биік ағашқа шығып, сосын  түсе алмай қалған.

«Қыз бала қатты қорқып, жылап отырды. 14-ӨСБ құтқарушылары оқиға орнына келіп, үш иінді баспалдақты орнатып, шамамен 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы  аман-есен жерге түсірді», - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.