Ілеспе жүк-құжаттарында өзге тауардың атауы жазылған
Қостанай облысындағы «Қайрақ» өткізу пункті арқылы елге 60 тоннадан астам бидай кіргізбек болғандар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 сәуірде Қостанай облыстық Шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, «Қайрақ» автокөлік өткізу пункті арқылы Қазақстанға 60 тоннадан астам бидай ипорттамақ болған 2 әрекеттің жолын кесті. Олар өзге тауардың атын жамылып, елге арпа кіргізбек болды. Ілеспе жүк-құжаттарында өзге тауардың атауы жазылған», - делінген хабарламада.