$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы «Вашингтон» тұрғын үй кешені сүрілмейтін болды

«Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген

Астанадағы «Вашингтон» тұрғын үй кешені сүрілмейтін болды
Фото ашық дереккөзден

Астана әкімдігі G-park мердігер компаниясы заңсыз тұрғызып жатқан, кейін сот үкімімен сүріле бастаған «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген. Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады», - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктен.

Әкімдік мәліметінше, «Вашингтон» тұрғын үйі бойынша құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары