Қызылордалық полицейлердің екі жасөспірімді өрттен құтқару сәті видеоға түсіп қалған

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт көпқабатты үйдің балконында болған

20 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала орталығында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілермен жеткен келген полицейлер пәтер ішінен екі адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт пәтерлердің бірінің балконында болған, салдарынан үйдің іші көк түтінге оранған. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер бірден құтқару жұмыстарына кірісіп, пәтердің ішінен түтінге тұншыққан 2 жасөспірімді алып шықты.

«Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда олардың жағдайлары тұрақты. Өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Осылайша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мұрат Мейрамбекұлы мен Айбек Қыдырбекұлы адам шығынының алдын алды», - делінген хабарламада.