Полиция қызметкері қызметтік жалғандығы үшін сотталды

Azattyq Rýhy

Ол жол ережесін өрескел бұзған әріптесін жазадан құтқару үшін хаттаманы өзге адамға рәсімдеген

Полиция қызметкері қызметтік жалғандығы үшін сотталды

Ақтөбе полиция басқармасы батальонының қызмет инспекторына тәрітіп сақшысының жол ережесін өрескел бұзғаны туралы материал келіп түсті, ол өз көлігімен екі жолақты кесіп өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон-ға сілтеме жасап.

Алайда инспектор оны жауапқа тартпаған, бірақ «полицейдің көлігін басқардым» деп айтатын жүргізуші куәлігі жоқ адамды табуды ұсынды. Ондай адам табылып, кінәні өз мойнына полицейдің күйеу баласы алған. Осылайша инспектор кінәсіз азаматқа хаттама толтырған.

Хаттаманың айла-шарғысы белгілі болған кезде инспекторға «қызметтік жалғандық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол ережесін бұзған тәртіп сақшысы өз кінәсін мойындамады. Ал әріптесіне көмектескісі келген инспектор сотта кінәлі полицейдің орнына құқық бұзушы болуға келісетін туысын немесе танысын табуды ұсынғанын айтты.

Сот 31 жастағы полиция қызметкерін қызметтік жалғандығы үшін бір жарым жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды (ол жазасын үйде өтейді, бірақ кейбір шектеулермен). Оған мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.