Бибісара Асаубаева шахматтан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Шахматшы сүйінші хабарды өзінің әлеуметтік жеідегі парақшасында жариялады

Отандық шахматшы Бибісара Асаубаева ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл хабарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  баспасөз қызметі растады.

«Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Әзірге Қазақстанда жалғыз», - деп жазды Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева соңғы рет шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңген болатын.