Тінту жұмыстары коммерциялық тәжірибе ережелерін бұзуға байланысты жасалған
Италияның Guardia di Finanza құқық қорғау ведомствосы Еурокомиссияның (ЕК) реттеуші органдарымен бірлесе отырып, монополияға қарсы тергеу барысында бірнеше ғимараттарға, соның ішінде Миландағы итальяндық Gucci сән үйінің штаб-пәтеріне тінту жүргізді. Бұл туралы Yahoo! Finance хабарлады.
«Тексеруді 18 сәуірде Guardia di Finanza қызметкерлері Миландағы сән үйінің штаб-пәтерінде Еуропалық комиссияның агенттерімен бірлесіп, жол керек-жарақтарын, сөмкелер мен былғарыдан жасалған бұйымдарды өндірудегі коммерциялық тәжірибе ережелерін бұзуға байланысты жүргізді», - делінген хабарламада.
Еуропалық Одақтың (ЕО) ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылған компанияларға олардың жылдық айналымының 10%-на дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Gucci сән үйі Кering компаниялар тобына кіреді.