Қазақстанда азаматтарды қабылдайтын бірыңғай орталық ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Президент мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп, Азаматтарды қабылдау бірыңғай орталығын іске қосуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтар арасындағы тікелей байланыс стандартын белгілейді. Әкімдер жергілікті жерлерде де осындай жұмыстарды ұйымдастыруы керек.

«Халықпен коммуникацияның барлық вертикалі сапасын Үкімет қамтамасыз етуі қажет. Әдістемесі мен бақылауды Президент Әкімшілігіне тапсырамын», - деді Тоқаев.