19.04.2023, 10:11
Жаңалықтар
Биыл Үкімет елдегі қымбатшылықты екі есеге төмендетуді көздеп отыр – Смайылов
Премьер-министр Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны баяулату үшін тиісті шаралар атқарып жатыр дейді
Фото: Depositphotos
Қазақстан Үкіметі биыл инфляцияны екі есеге азайтуға күш салады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жылдық инфляция 18,1 пайызға дейін баяулады. Соңғы төрт аптада әлеуметтік маңызды азық-түліктің инфляциясы тіркелген жоқ. Біз биыл инфляцияны екі есеге азайтуды көздеп отырмыз», - деді Смайылов баяндамасында.
Премьер-министр атап өткендей, биыл 4,4 млн адам көтерілген әлеуметтік төлеммен қамтылмақ.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды