Қазір істің мән-жайын жан-жақты тергеу жүріп жатыр
Петропавлда 5-қабаттан құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.
18 сәуір Петропавл қаласы полиция бөлімінің кезекшісіне Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен адам құлағаны туралы хабар түскен.
5-қабаттан құлап кеткен 67 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.
Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір істің мән-жайын жан-жақты тергеу жүріп жатыр.
Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.