Судандағы қақтығыс: үш күнде 185 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге екі тарап та келіссөз жүргізуге ниет білдірген жоқ

Судандағы азаматтық қақтығыс салдарынан үш күн ішінде кем дегенде 185 адам қаза тауып, тағы 1800 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Судандағы өтпелі кезеңде жәрдем көрсету миссиясының басшысы әзірге тараптардың ешқайсысы келіссөз жүргізуге ниет білдірген жоқ деп мәлімдеді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, интеграциялық миссия басшысы Уокер Пертес жағдадың әлі де тұрақсыз екенін айтқан .

«Жағдай өте тұрақсыз, сондықтан қазір қандай да бір нәрсеге үміт ету өте қиын», - деді Пертес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жабық брифингіне қатысқаннан кейін.

Тақырыпқа орай: Судандағы қақтығыстар кезінде БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты

Оның айтуынша, әзірге тараптардың ешқайсы келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Судан армиясы мен жедел әрекет ету күштері (ҚББ) арасындағы қарулы қақтығыстарда 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.